«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕСІЛ АУДАНЫНДАҒЫ ДВУРЕЧНОЕ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ  БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП» КМM  
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ДВУРЕЧНОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕСИЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Осыдан 30 жыл бұрын, 1994 жылы 16 ақпанда, Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға (БҚК) қол қойды.

16.02.2024

/public/files/2024/2/16/160224_184644_1-kaz.pdf  Аталмыш конвенция балалардың құқықтарын жан-жақты айқындайтын халықаралық деңгейдегі бірден-бір құжатқа айналды. Бүгінгі таңда БҚК бүкіл дүние жүзіндегі балалардың өмірін өзгертуде шешуші рөл атқаратын әлем тарихында ең көп ел қабылдаған құжат болып табылады. Конвенцияның негізгі қағидалары барлық балалардың өмір сүруге, дамуға, қорғауға және кемсітушіліктен бостандыққа тең құқықтарын қамтиды.
Ақпан айында қол қойылған соң, көп ұзамай, 1994 жылдың 8 маусымында БҚК Қазақстанда Жоғарғы Кеңес Қаулысымен ратификацияланды. Осылайша Қазақстан өз еркімен әрбір баланың тең құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттемелерді мойнына алды. Конвенция Қазақстанда балаларға мейірімді қоғам құрудың жұмыс құралына және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастық негізіне айналды.
Не өзгерді❓
▫️Соңғы үш онжылдықта Қазақстан бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімді бес есе, ал жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім-жітімді үш жарым есе төмендетуге қол жеткізді.
▫️Президент жарлығымен 2016 жылы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды, ал 2022 жылы бала құқықтары жөніндегі уәкілдер Қазақстанның әрбір өңірінде тағайындалды. Соның арқасында баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда көмекке жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
▫️2023 жылы Қазақстанда Әлеуметтік кодекс қабылданып, мемлекеттік жәрдемақылар мен бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін бала бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылды. Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды, оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық балалар арасында үлестіріледі. Кәмелетке толған кезде қаражатты оқуға немесе баспана алуға жұмсауға болады.

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст