Текст
Тіл саясатының негізгі бағыттары мен тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының діни қатынастар саласындағы заңнамасы және ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбы талқыланды. Қатысушыларға «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» және «Деструктивті діни ағымдардан сақ болыңыз» тақырыптары бойынша буклеттер таратылды.