«Мансап компасы» алаңында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушыларымен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Платформа 12 салаға бөлінген 400-ге жуық кең таралған кәсіптерді ұсынады - ауыл шаруашылығы, білім, медицина, туризм, ғылым, өнер, IT, құрылыс, өнеркәсіп, көлік және т.б. Қызығушылықтар саласына қарай қанша грант бөлінгенін және қандай университеттер мен колледждерде берілген мамандықты алуға болатынын көруге болады. Бос жұмыс орындарының саны, аймақтар бойынша (Алматы, Астана, облыс орталықтары және ауылдық жерлер) жалақысы, осы мамандық бойынша мамандардың саны, жасы, жынысы, талап етілетін дағдылары, түйіндемені қалай дұрыс жазу керектігі.