Облыстық тамыз конференциясы аясында «Ақмола облысы Есіл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Двуречное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімдері қызықты білім беру түрінде өткен секциялық отырыстарға қатысты. Әріптестер сабақтарда әртүрлі қолданбаларды, мұғалімдерге арналған платформаларды пайдалану және сабақтарды дамыту үшін AI қолдану тәжірибесімен бөлісті.Сондай-ақ мұғалімдерге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу және олардың жұмысында бағдарламаны жүзеге асыру бойынша кезең-кезеңімен түсіндірме берілді. Нұсқаулық-әдістемелік хат пен бір жылға арналған жұмыс жоспарын талқыладық.